"СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ "ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ "АЙМАҚ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«Қуана, шаттана білейік» тақырыбында мұғалімдер арасында психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылту, өзін еркін сезінуге көмектесу.
7-сынып оқушыларымен тренинг. Мақсаты: — Стресс туралы түсінік беру. — Стресстің адам денсаулығына кері әсерін түсіндіру. — Тренинг — жаттығулар арқылы стресстен шығу жолдарын көрсету.
Соңғы жылдары сандық технологиялардың дамуы себепті балаларға қатысты зорлық түрлеріне кибербуллинг немесе онлайн қорлау қосылған. Соның кесірінен жасөспірімдер ғаламтордағы белгісіз топтардың құрбанына айналып, тіпті араларында өз-өзіне қол жұмсайтындары да бар. Сондықтан, 9 сынып оқушыларының ата-аналарына балаларын мұндай жағдайға тап болмау үшін қандай әрекет ету қажеттігі айтылды.
12 сәуір — Ғарышкерлер күні. Мектепалды даярлық сыныбында тәрбиеші- Боранбаева К.Т. ұйымдастыруымен "Ғарышкерлерді кім біледі? " тақырыбында сынып сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі, ғарышкер зымыран, аспан әлемі жайлы түсінік беру. Ғарыш әлемі мен оның құпия сырларына деген қызығушылығын қалыптастыру.
Мектепте 8-9 сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Бұл әрине үлкен өмірге қадам басардағы ең жауапты сәттердің бірі. Себебі осы бағыт бағдар адам ғұмырының алдағы болашағына өз әсерін тигізеді. Дұрыс жол тапсаң дүниеге пайдасы бар кірпіш ретінде қаланудың мүмкіндіктеріне қол жеткізесің. Демек, оқушыларға дұрыс жөн сілтеу, ұстаздардың пайымды пікірлерін тыңдау мен түрлі саладағы мәртебелі мамандық иелерімен кездесудің маңызы өте зор. Осы мақсатта оқушыларға
Буллинг және кибербуллинг тақырыбы бойынша ұлдар арасында түсіндіру жұмыстары өткізілді.Түсіндіру жұмыстарын кәсіп бағдар ұйымының жетекшісі және мектеп психологы өткізді.
Педагогтардың «Мен педагог» позитивті концепциясын, коммуникативті дағдыларын қалыптастыруға, жас мамандардың жаңа ортаға бейімделуіне, басқа адамдарды түсінуге, психологиялық қолдау көрсетіп, жас мамандарға трениг өткізілді. Мектеп психологі: Болатбек М.