"СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ "ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ "АЙМАҚ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«Еңбек - жай ғана қызмет емес, адам болмысының айнасы.» /Абай/апта дәйексөзі бойынша оқушыларды еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа, іскерлікке, үнемді болуға, еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында "Еңбек етсең емерсің..." атты 8-сыныпта тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі: Куттыгожа Н.И.
Тілдер апталығының аясында 3-4 сынып оқушыларымен "English is full of wonder" сайыс сабағы өткізілді. Сайыста оқушылар жұмбақтар шешіп, сұрақтарға жауап берді. Үлестірмелі карточкадағы әр түрлі, қызықты тапсырмаларды орындады. Оқушылар сайысқа белсене қатысты . Жауапты: Асан Ж. А. Мақсаты : Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу. Оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тақырыбы: Алғашқы медициналық көмек көрсету . Мақсаты: қан кету, қан кету түрлері және қан ағу кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету. Жүрек- өкпелік реанимацияны алгоритм бойынша дұрыс жасау. Қай кезде өткізу керек екенін түсіндіру. Эпилепсия ұстамасы кезінде алғашқы көмек.
«Менің Отаным - Қазақстан» такырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты:Туған жерін,Отанын сүюге,егеменді еліміздің рәміздерін құрметтеуге,туған еліміздің өткен тарихын ұмытпай,еске алып, ата-бабадан дәстүр боп келе жатқан өнеге-салтымызды,ана тілімізді сүйіп,оны сақтай білуге тәрбиелеу.