"СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ "ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ "АЙМАҚ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Республика күні – Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі, жыл сайын 25 қазанда аталып өтеді. Ұлттық мереке – ел мен жердің қадірін ұқтыратын, ұрпақ санасына рух пен намыс ұялататын ерекше күн. Әр халықтың өзіне тән тарихы, мәдениеті, рухани құндылықтары және ұлт болып ұйысуына себеп болған қасиетті белестері бар. Сол тарихи кезеңдерді ұлықтау, өткенге тағзым ету – елдіктің, Отансүйгіштіктің, рухани жаңғырудың белгісі. Осы тұрғыдан алғанда ұлттық мереке – ұлы күн, өйткені ол ұлттың бірлігін, мемлекетінің тәуелсіздігін, рухының биіктігін паш етеді.