"СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ "ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ "АЙМАҚ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
"АБАЙ ӘЛЕМІ" көрмесі 9-сынып оқушылар назарына ұсынылды. Абайдың көптеген шығармалары қара сөздері, өлеңдері көрмеге қойылды. Сонымен қатар ұлы ақын, әрі ағартушы Абай Құнанбаевтың өмірбаяны мен шығармашылықтарымен таныстырылып, талқыға салынды. Абайдың шығармалары, қара сөздері, өлеңдері әрқашанда өзекті болып қала береді, әлемнің ондаған тілдеріне аударылған. Ғасырлар бойы аты өшпейтін, мәңгілік өшпес тұлға.
Мектеп жанындағы "Жұлдыз" сауықтыру лагерінің оқушылары ТОО "MEMOLUX" зауытына экскурсияға шықты. *Экскурсия барысында балалар зауыт туралы мәлімет алып, сұрақтарға жауап алды.Қауіпсіздік техникасы сақталды.
Жазды қуанышқа толтырайық" атты мерекелік іс-шара өткізілді . Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, өлең, ән,би, ойындар ойнауды үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.