"СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ "ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ "АЙМАҚ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
25 қазан-Республика күніне орай “Менің Республикам” атты дебат ұйымдастырылды. 9-сынып оқушылары қатысып ,өз ой-пікірлерін еркін жеткізіп, ел болашағына бейжай қарамайтын белсенді азамат ретінде танылды. Дебат барысында оқушылар өз білімін, шешендік қабілетін және сыни ойлау дағдыларын көрсетті.Отансүйгіштік рух пен белсенді азаматтық ұстаным!!! Өткізген:Канаева С.В.
2025 жылғы 13.10 күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында мектебімізде 5-9 сыныптарға арналған «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты : Оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, интернеттегі қауіп-қатерлер мен қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, жауапты және әдепті интернет қолданушы болуға тәрбиелеу. Өткізген:Канаева С.В., Асан Ж.А., Шарипова М. Т., Сеитова Г. Г., Куттыгожа Н. И.